Наубайшы

3W07210303
492 қаралым

Сипаттама

Наубайшылар, кондитерлер және кәмпиттерді жасаушылар нанның, торттардың, печеньелердің, пірәндіктердің әр түрлі сортын және басқа ұн өнімдерін дайындайды, сонымен қатар қанттан дана шоколадтар және кондитерлік өнімдер дайындайды.
Олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
− нанды, торттарды, құрғақ печеньені, пирогтарды және басқа ұн өнімдерін дайындау;
− қанттан, шоколадтан және басқа ингредиенттерден қолдан жасалатын кондитерлік өнімдерді қол құрал-сайманы мен механизмдері арқылы дайындау;
− араластыру, купаждау немесе жылумен өңдеу үшін машиналар резервуарларында өлшенген ингредиенттерді қосу;
− стардарттар мен ерекшеліктердің талаптарын сақтау мақсатында шикізат сапасын тексеру;
− шпательдер немесе кистьтерді пайдалана отырып пісірілген нанға глазурь немсесе басқа қоспаларды жағу;
− қауіпсіздік техникасы және еңбек гигиенасы қағидаларының сақталуы мақсатында машиналарды іске қосу алдында жабдықтың тазалығын және жұмысқа жарамдылығын
тексеру;
− пісіру уақытын анықтау үшін пеш температурасын және өнімнің сыртқы түрін бақылау;
− нан, батон, ұнды және кондитерлік өнімдердің партияларын қалыптауды, тиеуді, пісіруді, түсіруді, қалыптардан алуды үйлестіру.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Емтихансыз. Әңгімелесу

25
Орындар саны
26
Қазіргі үміткерлер саны

Бейіндік пәндер

Басқа қолайлы мамандықтар

Бізді қалай таба аласыз

87212355044
pl_3@mail.ru
г. Караганда ул. Столичная, 2а
https://kitk.mycollege.kz/